Өмірбай Сәуірбаев | өмірбаяны

0

Өмірбай Сәуірбаев (1946–1996) 17 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында туған. 

1962 жылы оныншы сыныпта оқып жүрген кезінде қатты сырқаттанып, бес жыл бойына төсек тартып жатқан. Осы кезден өлең жаза бастайды, мектепті де, Шымкент педагогикалық институтын да сырттай оқып бітірген. Түркістан аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, С.Ерубаев мұражайының директоры болып қызмет істеген. 

Шығармалары: Сырымды айтам, адамдар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Ақдидарың көргенде. Өлеңдер. «Жалын», 1977; Ардағым. Өлеңдер. «Жазушы», 1979; Өмірсерік. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1986.