Нығмет Баймұхамбедов | өмірбаяны

0

Нығмет Баймұхамбедов  (1904–1969) — Орал облысы, Жымпиты ауданы №1 ауылда туған. 

1925–1927 жж. Орал педагогика техникумында оқиды, кейінірек Қазақтың Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген. Ол ұзақ жылдар бойы Совет және кәсіподақ ұйымында жұмыста болды. Содан кейін Абай атындағы мемлекеттік академиялық Опера және балет театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Құрманғазы атындағы Өнер институтының әдеби редакторы болды. Алғашқы әдеби еңбегі – «Атыс» пьесасы (1937).

 

«Еңбек ері» (1939), «Әсия тастар» (1949), т.б. пьесалар жазды. Шекспирдің «Ромео–Джульеттасын», А.Чеховтың «Шие бағын», опера либреттоларын аударды. Оның аудармасы арқылы Абай атындағы Опера және балет театры сахнасында «Евгений Онегин», «Демон», «Қарғаның мәткесі», «ЧиоЧиоСан», «Даиси» және басқа опералар қойылды «1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін» медалімен марапатталған.