Нұрлыбек Баймұратов | өмірбаяны

0

Нұрлыбек Баймұратов (1887–1969) Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында туған. Өлеңжырлары 1924 жылдан бастап баспасөздерде жарияланып тұрған. Ескіше де, жаңаша да сауаты болған. Абай, Әріп, Әсет шығармаларынан тәлім алған. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, халық арасында насихаттаумен шұғылданған. Иса (1922), Нартай (1939), Маясар (1943), Төлеу (1944), т.б. ақындармен айтысқа түскен. «Ер Төлеген» (1945), «Қанды жорық» (1962) дастандары жеке кітап болып басылған. Шығармаларының жалпы жинағы 1957 жылы шыққан. 1939 жылы «Қазақ КСРнің еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілген. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Шығармалары: Ер Төлеген. Дастан. А., ҚМКӘБ, 1945; Өлеңдері мен дастандары. А., ҚМКӘБ, 1957; Қанды жорық. Дастан. А., ҚМКӘБ, 1962; Қазына. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1982.