Нұрлан Жылқышиев | өмірбаяны

0

Нұрлан Жылқышиев 1953 жылы 3 мамырда Жамбыл қаласында туған. 

1978 жылы Шымкент педагогикалық институтының тарих факультетін, 1986 жылы Қазақ Ауылшаруашылық институтын аяқтаған. 

1978–1980 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданының «Келес» совхозында комсомол хатшысы, 1980–1983 жж. Келес аудандық комсомол комитетінің І хатшысы, 1983–1989 жж. «Қапланбек» совхозының партком хатшысы, 1989–1990 жж. Шымкент облыстық Компартиясының ұйымдастыру бөлімінің жауапты қызметкері, 1990–1992 жж. «Қапланбек» совхозының Бас агрономы, 1992–1995 жж. осы совхоздың директоры, 1995–1997 жж. «Қапланбек» агрофирмасының Президенті, 1997–2004 жж. «Қапланбек» ААҚ Бас директоры, 2004–2007 жж. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

1994 жылы АҚШтың Халықаралық дипломымен, 1996 жылы Мальтада дербес белгімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Философия ғылымдарының докторы. «Посланник Тенгри» атты кітабы 2006 жылы жарық көрді.