Нұрлан Мәукен | өмірбаяны

0

Нұрлан Мәукенұлы (1960-2003) — 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында туған. 1984 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін, 1990 жылы КИМЭП-тің саясаттану бөлімін бітірген. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған. «Ана тілі» — »Жалын» бірлескен басылымы бас редакторының орынбасары болып істеді.

«Аудитория», «Қарлығаш» жыр топтамаларында өлеңдері жарияланған. 1995 жылы «Бойтұмар» жыр жинағы жарық көрді. « Сұңқарбұлақ» атты поэзиялық кітабы шықты (2008). Бірнеше мүшәйралардың, Алматыда өткен Түрік дүниесі поэзиясы фестивалінің жүлдегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.