Нүкеш Бәдіғұлов | өмірбаяны

0

Нүкеш Бәдіғұлов  (1936–1999) — 15 желтоқсанда Шығыс Түркістанның Дөрбілжін ауданына қарасты Ақсу ауылында туған. 

1966 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Қазақ радиосында, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің ауыл шаруашылығы және әдебиет пен мәдениет бөлімдерінде, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. 

Өмірінің соңғы жылдары Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші болған.

Ақынның алғашқы өлеңдер топтамасы 1969 жылы «Жас керуен» жинағына енген. Содан кейінгі кезеңдерде оның онға тарта жыр жинақтары шықты. «Парыз» атты жыр кітабы үшін 1996 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын алған.

Шығармалары: Бәйтерек. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Нұрлы жұлдыздар. Өлеңдер мен поэмалар. «Жалын», 1976; Күлімде шуақ. Өлеңдер мен поэма. А., «Жалын», 1979; Жарық сәуле. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1982; Сырлы ағыс. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Өмір сазы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1989; Енші. Өлеңдер. А., «Жалын», 1992; Сыбаға. А., «Ана тілі», 2001.