Нора Пфеффер | өмірбаяны
Нора Пфеффер 1919 жылы 31 желтоқсанда Тбилиси қаласында туған. А.С.Пушкин атындағы Тбилиси педагогикалық институтында (ағылшын және неміс тілдері факультеттерінде) оқыған. Оқуды Мәскеу, Алматы шет тілдер институтында жалғастырған. Тбилиси медицина техникумында, Алматы шет тілдер институтында ұстаздық етіп, Қазақ мемлекеттік университетінде шет тілдер кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарған. Әдеби қызметі 1959 жылдан басталады. Алғашқы туындылары «Нойес Лебен», «Фройнд шафт» газеттерінің беттерінде басылған. Содан бері бірнеше өлеңдер жинағы «Қазақстан» баспасынан шықты. Балаларға арнап жазды. Бірқатар жырлары КСРО және ГДР мектеп оқулықтарына енген.
Кейбір қазақ, орыс, грузин, латыш ақындарының өлеңдерін неміс тіліне аударған. «Приключение Отара», «Обезьянка Мик» және «У синего Черного моря» атты жинақтары орыс және латыш тілдеріне аударылған.
Шығармалары: Из-за шишек не плачут. Стихи. А., «Қазақстан», 1968; Приключения Отара. Стихи. А., «Қазақстан», 1971; О блеянии, лаянии и рычание. Занимательная лексика. А., «Қазақстан», 1974; Солнечный дождик. Стихи. А., «Қазақстан», 1973; Верные друзья. Поэма. А., «Қазақстан», 1974; Обезьянка Мик. Стихи. А., «Қазақстан», 1976; Фраки, императорский пингвин. Стихи. А., «Жазушы», 1978; Заяц – парикмахер. А., «Қазақстан», 1981; Годовые кольца. Лирика. А., «Қазақстан», 1984.