Низами Зөхраби | өмірбаяны
Низами Зөхраби 1955 жылдың 1 қаңтарында Әзербайжан Республикасындағы Ярдымлы ауданына қарасты Ханбулак селосында дүниеге келген. М.Ф.Ахундов атындағы Орыс тілі мен Әдебиеті Әзербайжан педагогикалық институтын тәмамдаған.
Әзербайжан Жазушылары одағының мүшесі. Үш тарихи поэманың авторы:
— «Меккеден шыққан күн» (Солнце, восходящее из Мекки) атты поэмасы Мұхаммед пайғамбардың өміріне арналған. 13 408 жолдан тұратын туынды әлем әдебиетіндегі өлеңмен жазылған Пайғамбар өміріне арналған ең көлемді шығарма болып есептеледі. 7 рет басылым көрген, түріктің танымал зерттеушісі Наил Тан: «…әзербайжан тілінің көркемдігі мен ерекшелігін көрсететін, қарапайым, түсінікті, мәнерлі жазылған әдеби туындының менің білуімше, әлем әдебиетінде теңдесі жоқ . Оның авторы араб емес, түрік болғаны бізді өте қуантады. Бұл шығарманы зерттеп, жан-жақты сараптау керек және күллі мұсылман әлеміне таныту керек…» («Эрджиес» журналы, 2007 жыл. №4, Кайсери, Түркия)
— «Жаулаушы» (Завоеватель) – поэмасы әлем тарихында ерекше орын алатын түрік сұлтаны Мехмет ІІ нің 1453 жылы Стамбұлды жаулап алуын баяндайды. Бұл туынды түрік тіліне аударылып, Стамбулда «İz Yayıncılık» ( Из Яйинчилик) баспасынан 2006, 2010, 2011, 2012 жылдары жарық көрген. Ал Әзербайжанда 6 рет, (т.е. 2004(екі дүркін), 2005, 2005 ,2006, 2007 жылдары) басылып шыққан. Поэма материалдарының негізінде Әзербайжан Мемлекеттік радиосынан азербайжандық танымал актерлардың қатысуымен 2005 жылы «Жаушы» атты 90 минуттан тұратын раоиспектакль дайындалып, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010 жылдары беріліп отырған, сондай-ақ бұл шығарма 2007 жылы Швециядағы Ираннан ауып барған түріктердің «Азад» жеке радиосынан берілген.
— «Ұлы түріктің көсемі» (Вождь великого тюрка) — (Ulu Türkün Önderi)- поэмасы Бірінші дүниежүзілік соғысында түрік халқының ұлт-азаттың көтерілісін басқарған түріктің ұлы көсемі М.К.Ататүріктің қайраткерлігін жырлайды. 260 беттен тұратын кітап Ататүрік өміріне арналған ең ірі шығармалардың бірінен саналады. Кітап 2010 жылы Анкарадағы Ататүрікті Зерттеу орталығынан (айтулы орталықтан әдеби шығармасы жарық көрген әзербайжан ақындарының ішіндегі бірден бірі, әрі үш туындысы да әзербайжан әдебиетіндегі жаңа тақырыптар болып саналады) жарық көріп, Әзербайжан мемлекеттік радиосынан 2008 жылы радиоспектакль дайындалып берілген. Үш бөлімнен тұратын сүбелі туынды 4 сағатқа созылады.
Қаламгер 2005 жылы түрік әлемінің ғылыми-мәдени «YOM”( ЙОМ) журналын шығарды, Бакуде 2009 жылға дейін оның бас редакторы болды. Журнал әлемнің 14 еліне тарайды. Журнал 2009 жылдан бері Стамбулдан жарық көреді, Н.З.Мусаев айтулы басылымның Әзербайжандағы өкілі. 2009 жылы Ататүрікке арнап жазылған марштың мәтінін жазған автор да осы Н.З.Мусаев.
2008 жылы Түркиядағы Эрджиес университетінде (Кайсери қаласы) қаламгердің шығармашылығына арналған конференция өтті. Қаламгер шығармашылығына арналған мақалалар Әзербайжан, Туркия, Германия елдеріндегі баспасөз беттерінде жарияланып, 11 мемлекеттің, оның ішінде Ресей Ф., Иран, Ирак, Түркия, Мысыр, БАӘ, Сирия, Сауд Арабиясы, Қазақстан, Тәжікстан елдерінің радио және телебағдарламаларында хабарлар берілген.
Түркі мәдениеті мен дүниетанымына арналған 15 кітапты шығарушы және 140 тан астам авторлардың шығармаларынан аударылған 30 ға тарта кітаптың авторы. 2015 жылы О.Сүлейменовтың 3 кітабын аударды. Сонымен қатар Айгүл Кемелбаеваның «Қоңырқаз» атты әңгімесін аударып, әзербайжанның әдеби журналына жариялаған.
Қаламгер көптеген сыйлықтар мен конкурстардың оның ішінде халықаралық конкурстaрдың жүлдегері.