Нина Смирнова | өмірбаяны

0

Нина Смирнова (1909–1978) бұрынғы Самара губерниясының Мелекесе қаласында туған. 1930 жылы МГУ-дің педагогика факультетінің әдебиет бөлімін бітіргеннен кейін Қазақстанға келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі секілді қызметтер атқарған.

Әдеби зерттеулерінің көбісі қазақ фольклорына байланысты. «Очерки истории Казахского народно-поэтического творчества советской эпохи», «История казахской литературы» (1-т., 1-кн.) кітаптарының жеке тарауларын жазды. XVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті, Ш.Уәлиханов, Жамбыл туралы көптеген еңбектердің авторы.

«1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Шығармалары: Очерки казахской литература ХVІІІ века. А., 1951; Казахская народная поэзия. А., 1967; Қазақ фольклористикасы. А., 1972.