Нина Скалковская | өмірбаяны
Нина Скалковская (Нина Платонова)1927 жылы 11 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Явленко селосында туған.
1950 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіреді. Мектепте мұғалім, «Жазушы» баспасында аға редактор, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында доцент қызметтерін атқарған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Шығармашылықпен студент кезден айналысты. «Литература Казахстана» альманахында, «Советский Казахстан» журналында көптеген очерктері, рецензиялары, мақалалары жарияланды.
1957–1958 жылдары Абайдың, Жамбылдың, Ш.Уәлихановтың, І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің, С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі очерктері жеке-жеке кітап болып шықты.
І.Есенберлин, Т.Ахтанов, Қ.Жұмаділов, М.Мағауин, Б.Аманшин, М.Хамраев шығармаларын, Б.Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұт Торайғыров» монографиясын, «Ұйғыр сықақтарын», Қазақстан жас жазушыларының «Прощаться не хочу» (1970) повестер мен әңгімелер жинағын, «Қазақ халық ертегілерін» (2 томдық, 1963), «Қазақстандық Совет Одағының батырларын» (2 том) аударды. Аударма кітаптары бірнеше дүркін Мәскеуде «Художественная литература», «Советский писатель» баспаларынан қайта басылып шықты.
«За доблестный труд в Великой Отечественной войне в 1941–1945 гг.», «Ұлы Отан Соғысы ардагері» медальдарымен марапатталған.