Николай Веревочкин | өмірбаяны

0

Веревочкин Николай Николаевич 1949 жылы Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Шал ақын ауданында туған. Жазушы, журналист, суретші-карикатурашы.

Геодезия маманы, тас қалаушы, ағаш кесуші болып істеген. Мамандығы бойынша Н.Веревочкин – журналист. Ресей мен Қазақстанның аудандық, облыстық, жастар, республикалық газеттерінде жұмыс істеген.

«Грибной дождь в Новостаровке» атты алғашқы повесі 1992 жылы «Нива» журналында жарияланды, 1993 жылы «Простор» журналында «Жертвенный осел» повесі басылып шықты.

Н. Веревочкин – төрт прозалық кітаптың, қазақстандық және ресейлік журналдарда жарияланған жиырмадан астам повестердің авторы, халықаралық «Русская премия» байқауының лауреаты, «Ясная поляна» әдеби сыйлығының финалисті, «Қазіргі пьеса» («Ковчег-транзит, немесе Время строить лодку») және «Қазіргі роман» («Зуб мамонта») номинацияларында «Сорос-Қазақстан» қоры байқауларының лауреаты.