Николай Пичугин | өмірбаяны

0

Николай Пичугин (1890–1976) 4 желтоқсанда Харьков қаласында туған. Харьков университеті мен Халық шаруашылығы институтында жоғары білім алды. Азов-Дон банкінің Харьков бөлімшесінде жұмыс істеді. 1919 жылдан Оңтүстік майданның 30- армиясында үгіт-ағарту, саяси бөлімдерінде және 2-ші атты әскерде нұсқаушы әрі лектор болып істеді. 1920 жылдың маусымында 2-ші атты әскердің «Красная конница» газеті редакциясына ауысты. 1921 жылы әскерден қайтқаннан кейін Украина Халық-ағарту комиссариатында, губерниялық халық сотында, баспа орындарында жұмыс істеді. 1941 жылдан журналистік қызметке ауысты.




Алғашқы очерктер жинағы «Утро над Уссури» деген атпен 1932 жылы украин тілінде шықты. Сол жылы «Когда он был министром» (Украина ұлтшылдарына сықақ) пьесасын, кейінірек «Первый гром» повесін, Қазақстан шахтерлері туралы бір топ очерк, әңгімелерін жазды. 1943 жылы кеншілер жайында «Второй восток» («Дело Чуркина») пьесасын жазған. 1957–1959 жж. «Однажды ночью» пьесасын Қарағанды орыс драма театры сахнасында қойылды.




Шығармалары: С.С.Макаров – строитель горного комбайна. А., ҚМКӘБ, 1948; Карагандинские очерки. А., ҚМКӘБ, 1949; Зори над городом. Роман. А., ҚМКӘБ, 1953; Мятежный корабль. Повесть. А., «Жазушы», 1967; Они вышли на рассвете. А., «Жазушы», 1971; Город в пути. Повесть. А., «Жазушы», 1968, 1978.