Нәсіреддин Сералиев | өмірбаяны
Нәсіреддин Сералиев (25.10.1930, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қашқансу ауылы — 20.11.1984, Шымкент) — жазушы. Қызылорда педагогика институтын (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1952). 1952- 1958 жылдары «Ленин жолы газетінде тілші, 1958- 1962 жылдары «Үгітші блокноты», «Ак желкен». «Балдырған» журналдарында әдеби кызметкер, 1962 — 1965 жылдары «Онтүстік Қазақстан» газетінің Кызылорда облысындағы меншікті тілшісі. 1964 — 1984 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі, жауапты хатшы кызметтерін атқарған. Шығармалары 1952 жылдан жариялана бастады. «Еңлікгүл» көркем фильмінін сценарийінің авторы («Казакфильм». 1974). Орыс жазушылары А.П.Гайдардың, И.С. Котяровскийдің. С.А. Баруздиннің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.
Шығармалары:
1. Үшталмаған Қарындаш.Әңгімелер. А, 1956;
2. Намыс. Әңгімелер. А., 1959: Ақ лақ пен қара лақ. Әңгімелер. А.. 1961;
3. Әнгелек. Әңгімелер. А., 1964;
4. Акбөпе. Повесгер. А., 1966;
5. Ақ қайың. Повесть. А., 1967;
6. Ыстық күлше. Повестер. А., 1969;
7. Қантар. Повестер. А., 1971;
8. Алтын ғұмыр, алғашкы махаббат. Таңдамалы шығармалар. А., 1975;
9. Дәукен атандын немерелері. Повестер мен әңгімелер. А. 1978.