Мырзатай Серғалиев | өмірбаяны
Мерзімді және әдеби баспасөз беттерінде, сондай-ақ «Уақыт және қаламгер» (1975, 1978, 1982), «Сөз өнері» (1978), «Сөзстан» (1980, 1982), «Жазушы және сөз мәдениеті» (1983), «Мұхтар мұрасы» (1997), «М.Әуезовтің қазақ тілін дамытудағы рөлі» (1998), «М.Әуезов және әлем әдебиеті» (1999), «С.Мұқановтың әдеби-мәдени мұрасы және қазіргі заман. ІІ том» (Петропавл, 2000), т.б. ұжымдық жинақтарда қазіргі әдеби процеске, көркем әдеби тілге қатысты мақалалары мен баяндамалары жарық көрді.
Я.Камалдың, К.С.Вирхтың, М.А.Зәрәбтің, К.С.Дуггалдың, Б.Балаждың, Ә.Қадыровтың, В.Кожевниковтың, В.Лацистың, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі. ҚР «Білім беру ісінің үздігі» (2000), «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2003), «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2005), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2006).
Шығармалары: Кең өріс. Әдеби-сын мақалалары. А., «Жазушы», 1983; Көркем әдебиет тілі. А., «Мектеп», 1995; Ой өрнегі. А., «Мектеп», 1995; Мұхтар Әуезов және көркем шығарма тілі. А., «Қазақ университеті», 1998; Сөз сарасы (Сын мақалалар). А., «Жазушы», 1989; Өнеге. А., «Жазушы», 1998; Ғ.Мүсірепов және тіл мәдениеті. Астана. «Күлтегін», 2003.