Мырзан Кенжебай | өмірбаяны
Мырзан Кенжебай — 1947 жылы 31 тамызда Қызылорда облысының Арал ауданындағы Құланды ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған.Әр жылдарда «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Заман-Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Қазақ мемлекетт, «Аманат» газеттерінде тілші, республикалық «Қайнар» баспасында редактор, «Таң-Шолпан» журналында жауапты хатшы қызметтерін атқарған. Қазір «Мәдениет» журналында редактор болып қызмет атқарады.
Ақынның өлеңдері «Мерейлі мекен» ұжымдық жинағына енген. «Жоғалған өлең», «Жазым өтіп барады» жыр жинақтары жарық көрген.