Мүтәлләп Қанғожин | өмірбаяны

0

Мүтәлләп Қанғожин 1937 жылы 17 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысындағы Қараағаш ауылында туған. Орта мектептен кейін өзі туған ауылда жұмысшы болған. 1958–1962 жж. облыстық комсомол ұйымдарында түрлі қызметтер істеген. 1963–1966 жж. Қараағаш орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болады. Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетін 1966 жылы бітіріп, Петропавл телестудиясында редактор, бас редактор, Солтүстік Қазақстан облыстық телерадио компаниясының директоры болып қызмет істеген.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «КСРО телерадиосының үздігі», Бүкілодақтық және республикалық телебайқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы, Солтүстік Қазақстан облысының және Есіл ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Шығармалары: Ақ қайың аралдары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Қызылжар. Өлеңдер. «Жазушы», 1974; Көкорай шалғын. А., «Жазушы», 1976; Айдын шалқар. А., 1979; Өмірім менің. А., 1997; Я заглянул за горизонт. А., 1997; Мои горизонты. А., 2003; Сарыарқаны сағындым. 1993; Мен Мағжанның көшесінде тұрамын. Қызылжар. 2007; Рухыңды қондырдық кеудемізге. Қызылжар. 2009.