Мұсатай Ақынжанов | өмірбаяны

0

Мұсатай Ақынжанов (1905–1986) — 9 мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылында туған. 1925 жылы Семейдің педтехникумын, 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген. 

1925–1941 жж. округтік, облыстық газетжурналдарды басқарған, республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған, облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы, Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы МарксЭнгельсЛенин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры қызметін атқарған. 

Ұлы Отан соғысына қатысқан. Одан кейін ҚазМУде ғылымипедагогикалық жұмыспен шұғылданды. «Қазақ халқының шығу тегі» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған. 

Тарихи және тарихиәдеби тақырыптарға бірнеше монографиялары, кітапшалары жарық көрді. «Исатай мен Махамбет», «Сырым Датов», «Бағытай – Бағила», «Фрунзе», «Жеңіс қамы», «Шопан қыз», «Алтын сақа», «Алтын алқап сырлары», «Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары бар.

Шығармалары: «Жастарға үлгіөнеге». Мақалалар. Семейдің газетжурнал баспасы, 1925; «Шаруа достары». Мақала, очерктер. Қызылорда газетжурнал баспасы, 1926; «Садыр мен Садық». Әңгімелер. Семей газетжурнал баспасы, «1931 Қазақ ағартушыларының саясиқоғамдық көзқарастарының қалыптасуы». А., ҚМКӘБ, 1948; «Абайдың өмірі мен творчествосы». Очерк. А., ҚМКӘБ, 1955; «Қазақ халқының шығуы және қалыптасуы». Зерттеу. А., «Ғылым», 1971; «Нұрсәуле – Шолпан». Пьесалар. А., «Жазушы», 1971.