Мұсабек Рахманбердиев | өмірбаяны

0

Мұсабек Рахманбердиев (1951–1998) 10 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Шөл дала ауылында дүниеге келген. 1978 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын жұмысшы болып бастаған. Жамбыл ауданының «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және сауда істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Қазақстан» баспасында бас редактордың орынбасары, республикалық «Телефильмде» директор, Жамбыл облыстық радиотелевидение комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. 

«Қайырлы жол», «Құз, қия», «Жылы жел», «Қарқаралы» секілді көркем және деректі кітаптардың авторы