Мұрат Сыздықов | өмірбаяны

0

Сыздық Мұрат (1956, Алматы – 1996) – жазушы, журналист. 

Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1979). «Шу өңірі» аудандық газетінде тілші болып жұмыс істеген. Жамбыл облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінің бөлім меңгерушісі. Жамбыл облыстық партия комитетінің нұсқаушысы. Республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі. Баспасөз министрлігінің баспа бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1996 жылы дейін Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы болды.

 

Шығармалары

— «Әйбат бала»

— «Қуатым менің» атты кітаптары жарық көрген.

— Сыздықтың шығармалары оқырмандар, әдебиет сыншылары тарапынан жоғары бағаланды.