Мұрат Ерғалиев | өмірбаяны

0

Ерғалиев Мұрат 1946 жылдың 2 қарашасында Алматы қаласында туған. Қазіргі әлФараби атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетін бітірген. 

1972 жылдан бастап Қарағанды университетінде ұстаз, «Ауыл шаруашылығы ғылымдарының жаршысы» атты журналдың аға редакторы болған. 

1980 жылдан бері Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде жауапты қызметкер.

Шығармашылық жұмысы негізінде драматургия мен көркем аудармаға арналған. Ол тәржімалаған Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпаны», В.Розовтың «Соққысы», М.Әуезовтің «Хан Кенесі» және «Қарагөзі» орыс драма театрлары сахналарында қойылған. Отызға жуық аудармалары мен сын мақалалары әр түрлі басылымдарда жарық көрді. Сонымен қатар ол әкесі, әйгілі ақын Хамит Ерғалиевтің соңғы жазған өлеңдерін орыс тіліне аударып, кітаптарын шығаруға күш салысып келеді.