Мұрат Алмасбекұлы | өмірбаяны

0

Мұрат Алмасбекұлы, 1980 жылы Қытайға қарасты Алтай аймағының Буыршын ауданында дүниеге келген. Алтай аймақтық 1 орта мектебін бітірген соң, 2001 жылы Қазақстанға отбасымен көшіп келеді. Кейін Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылдан бері түрлі Республикалық басылымдарда журналистика саласында еңбек етіп келеді. 

Проза жанрында сирек болса да қалам тартып жүрген оның шығармалары прозалық жинақтарда, әдеби журналдар мен сайттарда жарық көрген. 

Халықаралық жастар «Байқоңыр-2011» фантастикалық әңгімелер байқауы қоғамдық премиясының лауреаты. 

Қазіргі күні Астана қаласында тұрады. Үйленген, 4  бала тәрбиелеп отыр.