Мұқан Төлебаев | өмірбаяны

0

Мұқан Төлебаев (1913-1960)- композитор, ССРО — ның халық артисі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазССР-нің еңбегі сіңген өнер қайраткері. Алматы педагогикалық училищесінде, Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ опералық студиясында оқыған.

 

1941-1945 жж. Е. Брусиловскийден сабақ алған. 1951 жылы Мәскеу консерваториясын профессорлар Н. Я. Мясковский мен Б. Г. Ференің композиция класы бойынша бітірген. Ол қазақтың белгілі музыка шебері, ұлттық композитор. Ол “Аманкелді” операсының (Е.Брусиловскиймен бірлесіп), ҚазССР Мемлекеттік гимнінің (Е. Брусиловский мен Л. Хамидимен бірлесіп) әуенін жазған автор. Қазақтың музыкасына аса бағалы мұра ретінде қосылған оның “Біржан мен Сара” операсының орны бөлек. Ол оркестрлік және камералық шығармалар, 50-ден астам өлеңдер мен романстар жазды, халық әндерін өңдеді, М. Әуезов атындағы қазақ драма театрының спектакльдеріне, фильмдерге арнап музыка жазды.