Мұхтар Шерім | өмірбаяны

0

Мұхтар Шерім Жұмашұлы — 1957 жылдың 12 желтоқсан күні дүние есігін ашқан. Түлкібас ауданындағы Абай орта мектебін 1975 жылы бітірген соң, Бәйдібек ауданындағы «Алғабас» газетінде корректор, сосын әдеби қызметкер болып қызметке тұрған. ҚазМу-дың журналистика факультетіне оқуға түсіп, университетте «Жас толқын» қабырға газетін шығара бастаған. Университетті бітірген соң облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде сатиралық «Қақпан» бөлімін басқарды. «Ара-Шмель» журналының Шымкент облысындағы тілшісі болып қызмет жасаған. Республикада алғаш рет «Жұдырық» газетін ұйымдастырып, бас редакторы болды, кейін журналға айналды. «Барыс» газетін» ашып, бас редакторы болған. 

Сатиралық кітаптары: «Құдағи құшақтай береді», «Бюрократпен қоштасу», төрт томдық: » Талтайып тұрғым келеді», «Ымбаппа», «Кешіріңіз, сіз есек емессіз», «Быт-шытыңызды шығарамын!» 1986 жылы «Күлкі жәрмеңкесі» әзіл-оспақ отауын ұйымдастырған. Облыстық мәдениет басқармасында жұмыс істеген. «Күлейікші, Мұхтар!» сатиралық театрын басқарған. «Тамашаға», «Шаншарға», «Алдараспанға», «Екі езуге», «Нысанаға» автор болған. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты. Конституцияның он жылдығы мерекесі медалімен марапатталған. «Жас Алаш», «Айқын», «Жас қазақ», «Егемен Қазақстан» «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әзіл-сықақтарым жиі жарияланады.