Мерей Қосын | өмірбаяны

0

Мерей Қосын 1994 жылдың екінші мамырында дүниеге келген. Алматы облысы, Нұрлы ауылының толықтай орта мектебін бітірген. 2012-2016 жылдар аралығында Т. Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясының «Кинотеледраматургия» бөлімінің студенті. 2012-2013 «Шалқар» газетінің тілшісі, 2013 жылы республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауының «Жас драматург» аталымы бойынша лауреаты. 2012 жылғы Халқаралық Еуразия Кино Фестивалінің, 2013-2014 жылдардағы Халқаралық Шәкен Жұлдыздары Кино Фестивалінің ерікті қатысушысы, баспасөз қызыметшісі. 2015 жылы «Қазақфильм» киностудиасында тәжірибеден өтуші. 2015 жылы республикалық жас драматургтер Олимпиадасының бірінші орын иегері. 2014-2015 жылдары «Мерей» жекеменшік баспа үйінің редакторы. Қазақстандағы түрлі халқаралық деңгейдегі ұйымдастырылған «Кино және Театр» конференцияларының қатысушысы. 2012- 2015 жылдар аралығында Ұлттық Өнер академиясы ұйымдастырған жас жазушылар конкурсының тұрақты қатысушысы әрі жеңімпазы. 2016 жылдап бастап жеке аудармалар мен шығармашылық ізденісте.