Мейрам Асылғазы | өмірбаяны
Мейрам Асылғазы (1948–1999) — 7 қарашада Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1978 жылға дейін Павлодар облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінде істеді.
1978 жылы «Жалын» баспасында редактор, кейіннен проза бөлімінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. 1991 жылдан 1995 жылға дейін «Өнер» баспасында Бас редактор болып істеді.
1997–1998 жж. «Жібек жолы» баспа үйінде қызмет атқарды. Республикалық басылымда алғаш рет «Балалар балалық жасапты» деген әңгімесі 1978 жылы «Жалын» альманахында жарияланды. Алғашқы әңгімелер жинағы 1980 жылы «Ауылдастар», 1986 жылы «Өзгеше бір күн» (повесть, әңгімелер) деген атпен жарық көрді.
1989 жылы Үндістан көсемі М.Гандидің өмірнамасын аударып, «Менің өмірім» деген атпен басылып шықты.