Мейірман Нұрекеев | өмірбаяны

0

Мейірман Нұрекеев – ХХ ғасырдың 70-інші жылдарында өнер сахнасына шығып-танылып, 90-ыншы жылдардың аяғына қарай фәни дүниемен қош айтысқан қайталанбас тұлға. 972 жылы М.Нұрекеев Арқалықтағы жаңа ашылған музыкалық драма театрында актерлік қызметін бастады да, кейіннен Қазақтың балалар және жасөспірімдер театрының, сонан соң М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасына көтеріліп, ондаған спектакльдерде сан түрлі рольдерді сомдады, «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген әлденеше көркем фильмдерде негізгі рольдерде орындап шықты.