Мәмет Сүлеймен | өмірбаяны

0

Сүлеймен Мәмет — 1952 жылы 1 мамырда туған. 1976 жылы Қазақ Ұлттық Университеті бітірген соң, бұрынғы Талдықорған облысының Киров (қазіргі Ескелді) аудандық газетінде тілші, одан кейін Алматы облысы, Шелек (қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы) ауданы, Нұра ауылындағы орта мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. 1980— 1995 жж. республикалық «Жалын», «Балауса» баспаларында редактор, 1995 жылдан «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі, шолушы.

«Жыр — бесік» атты (өлеңдер) алғашқы жинағы 1983 жылы, одан кейін «Анасуреті» (1985, әңгімелер), «Перзент парызы» (1995, повестер мен әңгімелер), «Бейбаян тірлік», «Ар алдында…», «Абай бол, қазақ» атты кітаптары оқырман қолына тиген. Орыс, ұйғыр балалар жазушыларының әңгімелерін аударуға, әралуан жинақтар қүрастыруға ат салысқан. Қазақ ертегілерінің екі тойын құрастырып, оның алғашқы томы 2000 жылы «Балауса» баспасынан жарық көрді. Кейбір әңгімелері орыс, түрік тілдеріне аударылған. Елбасы Алғыс хатының, Астананың 10 жылдығы медалінің иегері, «Нұр —Отан» халықтық партиясы мен Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы.

Мәліметтер http://kk.wikipedia.org сайтынан алынды.