Мәмбет Қойгелдиев | өмірбаяны
Мәмбет Қойгелдиев Құлжабайұлы — ғалым, тарих ғылымының докторы (1994), профессор (1995), белгілі алаштанушы. Қырғыз мемлекеттік университетін, әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген.
1968-1971 жылдар. Ауыл мектебінің мұғалімі, Жамбыл облыстық мұрағатының ғылыми қызметкері
1971–1989 жылдар. Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті)-доцент.
1989-1991 жылдар. Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті жанындағы партия тарихы Институтының аға ғылыми қызметкері.
1991-2001 жылдар. әл Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жаңа тарихы кафедрасының меңгерушісі, әл Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы біліктілікті арттыру Институтының директоры, әл Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің деканы.
2002 -2006 жылдар. ҚР БҒМ Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры.
Қазір Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстанның жаңа және қазіргі тарихы кафедрасының меңгерушісі.
2004 жылдың қарашасынан Қазақстан тарихшылары Қауымдастығының президенті.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының тарих және этнография секциясына жетекші болды.
Негізінен 20 ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметін зерттеумен шұғылданады. Тарих ғылымында Алаш қозғалысы тарихына жаңа көзқарас қалыптастырды. Сондай-ақ орта ғасырдағы қазақ ғұламасы, тарихшы Қадырғали Қосымұлының “Жылнамалар жинағы” ортағасырлық тарихи жазба дәстүрі негізінде өмірге келген құнды еңбек екендігін ғылыми тұрғыда негіздеді.