Мәлік Отарбаев | өмірбаяны
Мәлік Нұржанұлы ОТАРБАЕВ, 1980 жылдың 2 ақпанында Жамбыл облысы, Байзақ ауданының (бұрыңғы Свердлов) Ақжар ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Алматыдағы Сүлеймен Демирел университетінің Халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат факультетінің стажер-зерттеушісі болды, кейін аталған факультеттің аспирантурасында оқыды. Халықаралық мәдени-интеллектуалды «da Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, директор орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі міндетін атқарды.
2014-2016 ж.ж. – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ-дағы өкілі.
2016 жылдың сәуір айынан бастап, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінде дипломатиялық қызмет атқарады.
Алғашқы кітабы – «Ойқазан» атты әдеби-философиялық ойтолғауы 2010 жылы жарық көрді.
2017 жылы «Баянды бақ» атты пьесасы Атырау облыстық Махамбет атындағы драмалық театры сахналанды. Аталған спектакль ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесі аясында М.Горький атындағы драмалық театрында қойылды. Түркияға арнайы шақырту алды.
Түрік тіліне аударған туындылары:
1. «Сүйінбай Аронұлы» өлеңдер мен эсселер кітабы,
2. Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романы,
3. Н.Оразалиннің «Қоздағы шоқ» жыр кітабы,
4. Т.Медетбектің «Соңғы сөз алдындағы соңғы сөз» кітабы,
5. Ұ.Есдәулеттің «Жырлар» өлеңдер кітабы,
6. Р.Отарбаевтың «Ақ көбелектер» әңгімелер жинағы,
7. Н.Ораздың «Адасқан жұлдыз» атты пьесасы мен шығармалары,
8. Т.Нұрмағамбетовтың «Біз – түріктерміз» пьесасы,
9. А.Кемелбаеваның «Мың тасбақа» пьесасы
10. Ғ.Мұтановтың «Уақыттың рухымен сырласу» поэтикалық эссе жинағы.
11. Қазақ жазушылары Б.Шаханов, М.Байғұт, С.Елубай, Н.Дәутайұлы, Н.Қапалбекұлы, Д.Әшімханұлы, Н.Ақыш, Ж.Шаштайұлы, Т.Сәукетай, Е.Айғалиұлы, Қ.Түменбай, Р.Отарбаев, М.Ізімұлы, К.Сәттібаев, Қ.Сәрсенбай, С.Дүйсенбиев, С.Хасан, Н.Ораз, Ж.Шағатай, Ж.Қорғасбек, А.Алтай, Р.Мұқанова, А.Кемелбаева, С.Нұғыман, Г.Шойбекованың әңгімелері қамтылған «Хүзүн Кушағы» (Сырлас буын) атты әңгімелер антологиясы.
Қазақ тіліне аударған туындылары:
1. Юнус Әмренің 100 өлеңі кітабы,
2. «Баян» әдеби-философиялық туынды,
3. Х.Токактың «Олар таңның атуын күте алмады» әңгімелер жинағы,
4. Х.Танердің «Қызғаншақ кісінің қу әйелі» шығармалар жинағы,
5. С.Пашазаде Сезаи, О.Сейфеттин, Р.Халит Карай, Р.Нұри Гүнтекин, Р.Ылгаз, К.Кондук, Х.Танер, М.Изгю, М.Кутлуның әңгімелері.
Құрастырған кітаптары:
1. «Сүйінбай Аронұлы» өлеңдер және эсселер жинағы,
2. «Хүзүн Кушағы» (Сырлас буын) атты әңгімелер антологиясы,
3. «О.Сүлейменовтің 10 түркі тілдеріндегі жырлары» өлеңдер жинағы,
4. «Сана сәулетшісі» мақала мен зерттеулер жинағы,
5. «Сәулелі сөздің шуағы» мақалалар жинағы.
Түрік тілінде редакциялаған және баспаға ұсынған кітаптары:
1. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы,
2. «Т.Әбдіктің өмірбаяны мен әңгімелер жинағы» кітабы,
3. С.Елубайдың «Ақ боз үй» романы,
4. М.Байғұттың «Дауыстың түсі» әңгімелер жинағы,
5. Б.Нұржекеұлының «Бір өкініш, бір үміт» романы,
6. А.Аширидің «Идикут» романы,
7. Н.Қапалбекұлының «Құс қанаты» әңгімелер жинағы.
Түркияда ай сайын шығатын «Кардеш калемлер» журналына Сүйінбай, Жамбыл, Б.Соқпақбаев, Ш.Мұртаза, О.Сүлейменов, Н.Оразалин, Р.Отарбаев сынды қазақ ақын-жазушыларының шығармашылықтары жөнінде материалдарды жинақтап, түрік тілінде жариялатқан.
Түрік тілінде жазған көркем әңгімелері шетелдік және республикалық баспасөз беттерінде жарық көрді. Әзербайжан, орыс, қырғыз тілдеріне аударылды.
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қолдауымен жарық көрген «Казахстан-Россия: литературный альманах» атты жинаққа «Бүржарған» атты әңгімесі енді (2016 ж.).
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, басқарма мүшесі және хатшысы.
Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты.
«Ақ Жайық» журналының Ж.Нәжімеденов атындағы сыйлықтың және
«Жалын» журналының Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың иегері.
Қазақтың ақыны С.Аронұлының 200 жылдық мерейтолық медалімен, қырғыз композиторы Ж.Шералиевтің 100 жылдық естелік медалімен, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталған.
Алматы облысы Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.