Константин Гайворонский | өмірбаяны

0

Константин Гайворонский1942 жылы 1 қаңтарда Краснодар аймағындағы Тихорецк қаласында туған. 

1964 жылы Краснодар педагогикалық институтының тарихфилология факультетін тамамдаған. 

1980 жылы Алматыдағы ВПШ журналистика факультетін бітірген.

1964 жылдан Целиноград облысындағы Никольск ауылындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеттен мұғалім болып қызмет еткен. Целиноград облысы, Алексеев селосында аудандық «Знамя Родины» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1967–1970 жж. «Целиноградская правда» газетінде тілші, 1970–1974 жж. «Ленинская смена» республикалық жастар газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі, 1974–1977 жж. «Казахстанская правда» газетінде тілші, 1977 жылдан «Народное хозяйство Казахстана» журналында бөлім редакторы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы болып қызмет істеген.

1967 жылдан КСРО Журналистер одағының мүшесі. 

Алғашқы әңгімелері 1973 жылы «Простор» журналында жарық көрген. «Далеко и близко» (1984), «Выяснение отношении» (1987), «Простил я все, но помнить буду вечно» (1996), «Поговори мне о себе» (1998), «Оксюморон» (2006), «Коронованный Гамлет» (2001), «Между Сциллой и Харибдой» (2001), «Бесаме мучо» (2004), «Дорогие недруги» (2006), «Я жил в такие времена» (2008), «В тисках рассудка и души» (2008) сияқты прозалық кітаптардың авторы.