Князь Мирзоев | өмірбаяны
Князь Ибрагимұлы Мирзоев — Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары «Қазақстан күрділерінің «Барбанг» ассоциациясы» РҚБ президенті.
1947 жылдың 1 мамырында Арменияның Масисский ауданының Рейганлу ауылында туылған.
1970 ж. Х.Абовян атындағы Армения мемлекеттік университетін тәмамдаған, филолог-шығыстанушы. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Жоғары мектеп Халықаралық Ғылым Академиясының Академигі (ЖМ ХҒА), ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
1970–1990 жж. – оқытушы, Х.Абовян атындағы Армения мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі.
1990 ж. бастап – осы уақытқа дейін – профессор, Шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, Әлем тілдері орталығының директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры.
1990 жылы КСРО Курдтар ассоциациясының бірінші вице-президенті болған.
2002 жылдан бастап – Курд қоғамдық бірлестіктерінің Халықаралық одағы төрағасының орынбасары.
2003 жылдан бастап — Қазақстан күрділерінің «Барбанг» ассоциациясы» президенті.
2013 жылы бірлестік төрағасы болып қайтадан сайланған.
Қоғамдық жұмыс: Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, ҚР күрділерінің «Барбанг» Ассоциациясының президенті. К.И. Мирзоев Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өміріне белсенді түрде ат салысады. Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы құрылған күнінен бастап оның қызметіне тұрақты түрде қатысады (20 жылдан астам). Ол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жүргізетін ішкі және сыртқы саясатты қолдай отырып, жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық реформаларды, этносаралық, конфессия аралық келісімнің қазақстандық үлгісін, «Қазақстан-2050» стратегиясын насихаттай отырып, республикалық, халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі сөз сөйлейді. Көп жылдар бойы оның жетекшілігімен ұлтаралық, конфессия аралық келісім бойынша, әсіресе күрді диаспорасының арасында оның мәдениетін, әдебиетін, тілін дамыту бойынша маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды. Шығыс әдебиетінің танымал зерттеушісі. Қазақстандық күрдітанушылар мектебінің негізін қалаушы және жетекшісі, көркем-әдеби, ғылыми және қоғамдық ағартушылық «Нубар» журналының бас редакторы, Қазақстан жазушылар кеңесі басқармасының мүшесі, Қазақстан мен Орталық Азия бойынша халықаралық PEN-клубтың өкілі, Күрді ғылыми-зерттеу әлем институттарының бірқатарының мүшесі (Париж, Брюссель, Берлин, сондай-ақ Ирак Күрдістанының Ғылым академиясы) және т.б. 300-ден астам жұмыстардың, оның ішінде 11 монографияның авторы. «Күрді тілі» алғашқы оқулығының (2-9 сыныптар) және Білім және ғылым министрлігімен бекітілген (2006 ж.) күрді тілі бойынша жаңа ғасыр ОӘК, «Шығыс әдебиеті» (лекциялар курсы, Алматы 2007 ж), «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан халқының көпұлттық әдебиеті» (Алматы, 2012 ж.) және т.б. авторы болып табылады.
Түрік, парсы, қазақ, орыс, әзірбайжан, армян, күрді тілдерін жетік меңгерген.
Марапаттары: «Құрмет» ордені (1998 ж.), медальдары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005ж.), «Астана қ. 10 жыл» (2008ж.), «ҚР Президентінің гранты» (2005, 2006, 2007жж.), ҚХА «Алтын Бірлік» алтын медалі (2010 ж.), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2011 ж), «Ломоносов ордені» Мәскеу (2009 ж), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), ҚР Білім және ғылым минитрлігінен, Мәдениет және ақпарат министрлігінен бірнеше мақтау қағаздары.
Үйленген, бес баласы бар: 2 қыз және 3 ұл.