Кәкен Қамзин | өмірбаяны

0

Кәкен Қамзин 1949 жылы 13 маусымда Алматы облысы, Үйгентас ауданының Қарлығаш ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін үздік бітірген. Қазақ мемлекеттік телерадиокомитетінде, «Жазушы» баспасында, «Вечерняя Алма-Ата» газетінде, «Парасат» журналында қызмет істеді, «Қазақ мемлекеті» республикалық газеті бас редакторының бірінші орынбасары міндетін атқарды. Қазір ҚазМУ-дің журналистика факультетінің оқытушысы. Филология ғылымының кандидаты, доцент.

«Жұлдыздар жылай ма?», «Біздің ауылдың жігіттері», «Тымық түн» атты повестер мен әңгімелер жинағы шыққан. 2002 жылы «Ә.П.Михаэлистің журналистік қызметі» атты монографиясы жарық көрді. Бірқатар туындылары орыс, неміс, қарақалпақ тілдеріне аударылған.