Юрий Грунин | өмірбаяны

0
41

Юрий Грунин 1921 жылы 26 мамырда Ресейдің Симбирск (қазіргі Ульяновск) қаласында туған.

1936 жылдан өлең жазды.

1941 жылы Қазан көркемсурет училищесін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

«Жезқазған гипроцветмет» жобалау институтында сәулетші болып жұмыс істеген, суретшілер шеберханасында суретші, безендіруші болған. Өлеңдері «Всемирная поэтическая антология» кітаптарына енген. «Сибирские огни», «Октябрь», «Советская женщина», «Радуга», «Смена», «Советский Казахстан» т.б. белгілі журналдарда жырлары басылған. 1996 жылы «Жалын» баспасынан «Моя планида» атты кітабы шыққан.