Юрий Герт | өмірбаяны

0
39

Юрий Герт 1931 жылы 7 ақпанда Ресейдің Астрахань қаласында туған. Вологда педагогика институтын бітірген. Мурманск облысында ұстаздық еткен.

1955 жылы «На рубеже» журналында «Преодоление» атты алғашқы повесі жарияланған.

1957 жылы Қарағанды қаласына келіп, бірнеше жыл «Комсомолец Караганды» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінде істеген. «Простор» журналының проза бөлімі меңгерушісі, редколлегия мүшесі болған. Төл шығармаларымен бірге, қазақ және ұйғыр жазушыларының туындыларын орыс тіліне аударған.

Шығармалары: Кто, если не ты?.. Роман. А., «Жазушы», 1964; Первое апреля. Повести, рассказы. А., «Жазушы», 1968; Солнце и кошка. Повести А., «Жазушы», 1976; Листья и камни. Повести и рассказы. А., «Жазушы», 1979; Ночь предопределений. Роман. А., «Жазушы», 1982; Колокольчик в синей вышине. Повести. А., «Жазушы», 1984.