Юлдаш Азаматов | өмірбаяны

0
41

Юлдаш Азаматов  1947 жылы Қытай Халық Республикасы, Текес қаласында туған. Жаркент қаласында орта мектепті тамамдаған соң, Панфилов аудандық газетінде бір жыл жұмыс істеген. 1966–1971 жж. ҚазМУдің журналистика факультетінде оқыған. Университетті бітіргеннен кейін «Коммунизм туғи» (қазіргі «Ұйғыр авази») газетінде тілші, бөлім бастығы, Бас редактордың орынбасары болған. Онан соң Мәскеуде Қоғамдық ғылымдар академиясында оқып, Алматы облыстық партия комитеті аппаратында қызмет істеген. 1987 жылдан бері республикалық қоғамдықсаяси «Ұйғыр авази» газетінің Бас редакторы.

«Жоғалған пышақ» (повесть, 1977) «Ядигардың атасы» (повесть және әңгімелер, 1980), «Үміт» (әңгімелер, 1984) атты үш кітаптың авторы. А.Гайдардың бірнеше повестерін ұйғыр тіліне аударған. Сондайақ оның көптеген еңбектері ұжымдық жинақтарға, мектеп оқулықтарына енген, әңгімелері қазақ, орыс, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. «Жиырмасыншы ғасырдың ұлы тұлғалары» (2005), «Өлімге қимайтын адам еді» (2008) жинақтарының құрастырушыредакторы және жоба авторы.

 

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан халықтары ассамблеясының, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. ҚР Журналистика Академиясының академигі (2001). Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2007), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Панфилов ауданының Құрметті азаматы.