Энгельс Ғаббасов | өмірбаяны

0

Энгельс Ғаббасов 1937 жылы 17 қаңтарда Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауданында туған. Филология ғылымының кандидаты (1976), доцент (1978). Орал педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін (1957), Алматы жоғары партия мектебін (1966), КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1976) бітірген. 

1957–1968 жж. мұғалім, комсомол жұмысында, 1966 жылдан Орал облыстық партия комитетінде жауапты қызметте болды. 1996 жылы ҚР Парламентінің депутаты болып сайланды. «Қарт шопан» атты алғашқы әңгімесі «Простор» журналында (1965) жарияланды. Шығармаларын орыс тілінде жазады.

«Жапандағы жалғыз ағаш» (1976), «Өткен жаз бен осы қыста» (1979), «Ақша қар үстіндегі жасыл жапырақ» (1982), «Кішкентай бала мен екі еркек» (1983), «Махаббат хикаясы» (1986), «Ескірмейтін соқпақ жол» (1989) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.