Эдуард Мацкевич | өмірбаяны

0

Эдуард Мацкевич 1939 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Шығыс Қазақстан облыстық газеті редакциясында бірнеше жыл қызмет істеді. 

1965 жылы «Ленинская смена» газетіне ауысып, мұнда әдеби қызметкер, бөлім мең-герушісі қызметін атқарды. 

1967– 1969 жж. «Простор» журналында істеді. 1969 жылдан бері «Известия» газетінің Қазақстан бойынша меншікті тілшісі болған. Бірнеше повестер, әңгімелер мен очерктер кітаптарының авторы. 

Шығармалары: Лесное яблоко. А., «Казахстан», 1965; Хроника мужество и нежности. А., «Казахстан», 1968; Синий соболь. А., «Жазушы», 1969; Время первой тропы. Повести, рассказы. А., «Жазушы», 1972; Зеленое ожерелье. Повести, рассказы. «Жалын», 1976; Пещера Черной Торопыги. Повести, рассказы. М., «Детская литература», 1977; Рядом с тобой. Повести, рассказы, очерки. А., «Жалын», 1980.