Яхья Таиров | өмірбаяны

0

Яхья Таиров 1938 жылы 7 желтоқсанда ҚХР Құлжа қаласында туған. 

1959 жылы орта мектепті бітіріп, Шыңжаң педагогикалық институтына оқуға түседі. 1962 жылы филолог мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1963 жылы Қазақстанға көшіп келеді. Шелек, Панфилов аудандарында мектепте мұғалім болып істейді. 1971 жылы Ташкент қаласына көшіп барып, радиода, Тарих институтында, Қазақстанда шығатын «Ұйғыр авази» газетінде тілші болады. 1989–1996 жылдарда Өзбекстан радиотелевидениесінде аға тілші қызметін атқарады. 1969 жылы «Көзләр» атты алғашқы кітабы шығады.