Иван Щеголихин | өмірбаяны

0

Щеголихин Иван 1927 жылы 1 сәуірде Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Новотроицк селосында туған. 

Алматы медицина институтын бітірген, әскери-авиациялық училищесінде оқыған. 

1957 жылдан 1976 жылға дейін «Простор» журналында проза бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, деректі проза бөлімінің меңгерушісі болды. 1994 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Алғашқы әңгімесі «Профессор қызы» «Советский Казахстан» (1954) журналында басылды. Ол С.Сейфуллиннің, С.Мұқановтың, Ғ.Мұстафиннің, Х.Есенжановтың, Ә.Шәріповтің, М.Ғабдуллиннің, С.Талжановтың, ұйғыр жазушысы Х.Абдуллиннің романдары мен повестерін, сондай-ақ М.Әуезовтің, Т.Ахтановтың, Ж.Жұмахановтың, Р.Райымқұловтың, Т.Нұртазиннің әңгімелерін аударған. 

Парасат орденінің (1994) иегері, Қазақстанның Халық жазушысы (1992) «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» мерекелік медалімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Шығармалары: В одном институте. Повести и рассказы. А., ҚМКӘБ, 1958; Седое поле. Повести и рассказы. А., ҚМКӘБ, 1961; Снега метельные. Роман. А., ҚМКӘБ, 1961; И снова утро. Роман, повесть, рассказы. А., «Жазушы», 1965; Храни огонь. Повести и рассказы. А., «Жазушы», 1968; Машина времени. Повесть. А., «Жазушы», 1969; Назаров. М., Повести. «Советский писатель», 1970; Пятый угол. Повести. А., «Жазушы», 1974; Снега метельные. Роман. А., «Жазушы», 1977; Время выбора. Повесть. М., Политиздат. 1979; Шальная неделя. Повесть. А., «Жазушы», 1979; Слишком доброе сердце. Повесть. М., Политиздат. 1983; Дефицит. Роман. А., «Жазушы», 1984; Холодный ключ забвения. А., 2002; Избр. произведения 2-том. А., 2007.