Индира Кереева | өмірбаяны

0

Индира  Кереева Мұратқызы,  1986 жылы тамыз айының алтыншы жұлдызында Ақтөбе облысы Темір ауданында туылған. 2007 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойланған Қобыланды батырдың тойында тарихи-танымдық мақалалары үшін «Қобыланды» медалімен марапатталған. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Қалалық, облыстық мүшәйралардың, «Қашаған Күржіманұлының 170 жылдық мерейтойына байланысты өткен «Қайыртпай кеткен Қашаған» республикалық жас ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Мамандығы журналист.