Илья Бахтия (Илья Молотов) | өмірбаяны

0

Илья Бахтия (Илья Молотов) (1932–1988) — 18 наурызда Алматы облысы, Ұйғыр ауданының Кіші Дихан ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген.

Мектепте мұғалім, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының ұйғыр әдебиеті бөлімінде редактор, Қазақ радиосында тілші болып істеді. Алғашқы өлеңдер жинағы «Достарға тарту» деген атпен 1955 жылы жарық көрді. 

1958 жылы «Мой Гюлстан» деген өлеңдер кітабы орыс тілінде шықты. Ол ұйғыр тіліне А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, А.Құнанбаевтың, С.Сейфуллиннің, Р.Ғамзатовтың бірсыпыра өлеңдерін, Ә.Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш – орман емес» драмасын аударған.

Шығармалары: Достарға тарту. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1955; Менің арманым. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1958; Қайнар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1961; ТяньШань жігіті. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963; ТяньШань жыры. А., «Жазушы», 1966; Іле өңірінде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Өтеді өмір осылай. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Өмір өткелдері. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1982.