Ибрагим Салахов | өмірбаяны

0

Ибрагим Салахов (1911–1999) 30 тамызда Көкшетау қаласында туған. Қазақ педагогикалық техникумын бітірген. Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінде оқыған. Бірнеше жыл ұстаздық қызметте болған. 1957 жылдан Көкшетау облысында тың игеру ісіне араласқан.

Осы жылдары «Көкшетау даласында» атты роман жазып, оны 1965 жылы татар тілінде, 1969 жылы қазақ тілінде жариялаған.

Сонымен бірге поэзиямен айналысады. Ол қазақ, татар, орыс тілінде жарияланған бірнеше проза және поэзия кітаптарының авторы. «Парасат» орденімен (1998) марапатталған.

Шығармалары: Дала толқындары. Өлеңдер. Қазан. 1957; Көкше өлеңдері. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1961; Көкшетау даласында. Роман, повесть. А., «Жазушы», 1982.