Хажымұрат Рахимов | өмірбаяны

0
69

Хажымұрат Рахимов (1924–2001) 23 ақпанда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында туған. 1953 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Облыстық «Социалистік құрылыс» газетінің жауапты хатшысы, «Есіл правдасы» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеген. Целиноград (Ақмола) облыстық атқару комитетінде аға нұсқаушы, облыстық телевизиясында редактор қызметтерін атқарған. Алғашқы шығармалары 1940 жылдан көріне бастады. КСРО медальдарымен, 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Шығармалары: Қарлығаштар. Повестер. А., ҚМКӘБ, 1962; Бәйшешектер. Повестер. А., «Жазушы», 1969; Сеңгір сырлары. Роман. 1-кітап. А., «Жазушы», 1976; Сеңгір сырлары. 2-кітап. А., «Жазушы», 1978; Бетпе-бет. 3-кітап. А., «Жазушы», 1983.