Харун Токак | өмірбаяны

0

Түрік жазушысы, журналист Харун Токак — 1955 жылы Ушак ауданы Кырка ауылында дүниеге келген. “Йени шафак” (Yeni Şafak)  газеті жазушысы, Жазушылар және журналистер қауымдастығының бұрынғы төрағасы.

 

1979 жылы Измир Докуз Эйлүл университетінің Измир Жоғары Ислам институтын бітіргеннен кейін Анадолының түрлі қалаларында мұғалім болған. Бұл жылдарда түрлі аудан газеттерінде белгілі бір салада мақалалар жазды. Кейбір жергілікті телевизияда бағдарламалар жасады және кейбір жергілікті газеттер мен телевизияның құрылуына мұрындық болды. Білім және көптеген салаларда қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдардың құрылуына да себепкер болды.

 

Харун Токак, Түркия Республикасы Ұлттық Білім министрлігі Білім беру басқармасында және Түркия Республикасының Үкіметінде кеңесші болып қызмет атқарған.

 

1997-2008 жылдар аралығында Жазушылар және журналистер қауымдастығының Төрағасы болды. Еуразия және түрік зиялыларының ғылым, білім саласын нығайту мақсатында айналысқан “Абант” және “Диалог Еуразия платформасының” сынды интеллектуалды ұйымдардың дүниеге келуіне мұрындық болды.

 

“Йени шафак Пазар” газетінде апталық әңгімелер жазған Харун Токактың, “Алда шапқан аттылар” (Önden Giden Atlılar), “Жолдағылар” (Yoldakiler), “Саңлақ сардарлар” (Işık Süvarileri), “Кімге аманат” (Kime Emanet), “Қыналы арғымақтар” (Kınalı kuheylanlar) сынды шығармалардың авторы.

 

Шығармалары орыс, қазақ, украин және әзірбайжан тілдеріне аударылған. Үйленген, үш баланың әкесі.