Халил Хамраев | өмірбаяны

0
103

Халил Хамраев (1928–1993)

1 мамырда Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Педжим селосында туған.

1935–1941 жж. Құлжа қаласында (Қытай Халық Республикасы) балалар үйінде тәрбиеленген. Іле гимназиясында және орта мектеп оқушыларының даярлық курсында оқыған. 1956 жылы Қазақстанға көшіп келген соң, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1964–1967 жж. республикалық «Коммунизм туғи» газетінде жұмыс істеген. 1967 жылдан Педжим селосындағы орта мектепте мұғалім болған.

Өлеңді 1945 жылдан жаза бастады. Оның алғашқы шығармалары ұйғыр тіліндегі Синьцзян газеттері мен журналдарында басылды. Бірнеше кітаптың авторы. Жекелеген шығармалары қазақ және орыс тілдеріне аударылған.

Шығармалары: Жүрек сыры. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1958; Іле жағалауындағы жыр. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1962; Оңтайлы Садыр. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964; Ізгілік. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Дала жұлдыздары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Ерлік. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Дала қырандары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Отан жайлы жырлаймын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979.