Хайролла Ғабжалилов | өмірбаяны

0

Хайролла Ғабжалилов Мағауияұлы (29.04.1950, Тахтақөпір ауданы, Қарақалпақстан) — суретші, сәлетші, Қазақстанның төл ұлттық валютасы — теңгенің авторларының бірі.Чехославакияның Прага қаласында суретші-сәулетшілер мектебін, Самарқан сәулет-құрылыс институтын бітірген. 1980 жылы Алматы қаласына келіп, «Қазқалақұрылыс-жоба» ммлекеттік жобалау институтында аға архитектор, топ жетекшісі, жобаның бас архитекторы қызметтерін атқарған. Ғабжалилов жобасы бойынша Жаңатас, Алматы қалаларында бірқатар ғимараттар мен тұрғын үйлер салынды. 1992 жылы Ғабжалилов «Қазақстан дизайн орталығының» бас директоры болып тағайындалды. Ол жетекшілік ететін арнаулы топ Қазақстан Ұлттық банкінің тапсырмасымен ұлттық валюта — теңгенің үлгі-жобасын жасау жұмыстарын атқарыл шықты. Ғабжалилов 1999 жылдан Алматы құрылыс материалдары зауытының бас директоры.