Ғылымхал Манайұлы өмірбаяны

0

Ғылымхал Манайұлы 1994 жылы Қазанның 12 жұлдызында дүиеге келген. Бес ұл, бес қыз он ағайынды от басының кенжесі. Әкесі Манай 2007 жылы дүниеден өткен, шешесі Аймеш зейнеткер.

           

Ғылымхал Манайұлы 2002-2012 жыл аралығында мектеп қабырғасында оқу мен өнерден көзге түсіп «Үздік оқушы», «Мектеп саңлағы», атанды. Қалалық балалар үшін жыл сайын ұйымдастырылатын «Мүшайра» жас өспірімдер сайысынан 3-мәрте Гран-При иегері.  Мектепті үздік «Алтын белгі» мен бітірген.

           

2012 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемелекеттік Университетінің  Тарих, филология, халықаралық қатынастар факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға қабылданды.

            

Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып топ басшысы, университеттің студенттер төрағасы, студент жастар арасында мәдени шараларды ұйымдастыру, олардың тәлім тәрбиесімен оқуына қолдау жасап, университеттің  студенттер тарапынан барлық іс-шараларын өз міндетіне алып қызмет атқарды.

         

2014 ж. — Қарағанды қаласында өткен Тұлға-2014 халықаралық көркемсөз оқу байқауына қатысып, бас жүлдені иеленген. Факултеттегі өзін өзі басқару ұйымында «факультет деканы» қызметін атқарды, оқу үлгерімі «Өте жақсы».    

           

2015 ж. —  Қалалық , О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу байқауында бас жүлде иегері.

         

2015 ж. — Талдықорған қаласында өткен «Ілияс әлемі» республикалық жастар фестивалінде III орын иегері.

        

2015 ж. — «Шабыт» студент-жастар театрының актёр құрамында болып белгілі жазушы, драматург Софы Сматаевтың «Көгілдір такси» мелодрамасын сәтті сахналағаны үшін мақтау грамотасымен марапатталған.

         

2015 ж. — О.Бөкей атындағы қалалық кітапхананың құрметті оқырманы, «Шабыт» жас ақындар мектебінің  мүшесі.

       

2015 ж. — Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналып шығарылған «Ертіс толқыны» атты жас ақындар жинағына өлеңдері еніп, сол жылғы оқырмандар арасынан «Ең талантты оқырман» номинациясымен марапатталған.

           

Университеттегі әдеби шығармашылық кештерге белсене қатысып,  Қалихан Ысқақтың «Қалихансыз қоңыр күз» — атты еске алу әдеби кеші.  Жанат Әскербекқызының шығармашылығына арналған әдеби кеші,  Абайдың 170 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық конференцияның концерттік бағдарламасының жүргізушісі,                Жазушы Дидахмет Ашимханұлының еске алуға арналған әдеби кеші т.б. көптеген мерекелік, әдеби, концерттік шаралардың қатысушысы, жүргізуші.

           

          

2015 ж. — О.Бөкей атындағы облыстық көркемсөз оқу байқауының бас жүлдегері, Өскемен;

          

2015 ж. — XVII Республикалық О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу байқауының бас жүлдегері, Астана

         

2016 ж. — Жігіт Сұлтаны — 2016 байқауының Шешен жігіт номинациясының жүлдегері, Семей

        

 Сертификаттары:

 

—        «Интерактивті құрал-жабдықты орнату және қолдану» бағдарламасы бойынша № 07186 Сертификат — С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің Біліктілікті бекіту орталығы.

—        № 7261 Сертификат — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру факулътетімен бірлесіп әзірлеген ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы.

           

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің Филология факултетінің ақырғы курсын бітіргенде «Шешен студент» наминациясымен және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының Грамотасымен марапатталған.

           

2016 ж. — Шығыстың Аймақтық Хабаршысы ғылыми журналында  № 4 санында, және де «Жаһандық ғылыми кеңістіктегі жастар миссиясы: келелі мәселелері мен мүмкіндіктер көкжиегі» атты жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағына мақалалары жарық көрді.  

         

Білімі — жоғары, 2016 ж. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Тарих, филология, халықаралық қатынастар факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік дипломмен бітірген.

         

Еңбек тәжірибесі — педагогикалық іс-тәжірибеден Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 16 орта мектебі» КММ-нен өткен.

          

2016 ж. — Қыркүйек айынан бастап Сәуір айына дейінгі аралықта ШҚО, Драма театрының актёр болып қызмет атқарған.

         

2017 ж. — Наурыз айынан Шілде айына дейінгі аралықта ШҚО, Оралхан  Бөкей атындағы орталықтандырылған қалалық кітапханада Іс-шара жүргізушісі болып қызмет атқарған.

         

2017 ж. – Қыркүйек айынан бастап  Астана қаласы, Тұран-Астана университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 жылдық магистрі

        

2017 ж. – Қараша айында Маңғыстау обылысы Ақтау қаласының әкімдігі ұйымдастырумен өткен Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығына арналған «Аңызға айналған абыз» атты көркем сөз оқу шеберлерінің 2 — Республикалық байқауының бас жүлде иегері.