Ғұсман Жандыбаев | өмірбаяны
Ғұсман Елеуұлы Жандыбаев Жетісу өңірінен шыққан көрнекті ақындардың бірі. 1944 жылы 25 наурызда Қытай Халық Республикасының Тарбағатай аймағына қарасты Шағантоғай ауданында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1962 жылдан бастап Талдықорған облысы Алакөл ауданының «Коммунизм» кеңшарында еңбек жолын бастаған. 1963-1964 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде қызмет ете жүріп, «Алакөл халық театрының» құрылуына ат салысқан. Аудандағы алғашқы ақындар айтысын ұйымдастырушылардың бірі болды, әрі өзі де қатысып, жүлделі орындарды иеленеді. Осыдан бастап облыс деңгейіндегі мәдени шараларға белсене араласа отырып, мәдениет қызметкерлерінің республикалық кеңесіне делегат болып қатысып жүрді.