Ғұмар Ахметчин өмірбаяны

0

Ғұмар Ахметчин 1941 жылы 8 қыркүйекте Ресейдің Златоуст қаласында туған. 

1959 жылы Қостанай облысы Семиозер ауданындағы мектепті, 1968 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. 

1966 жылдың ақпан айынан бастап, ұзақ жылдар бойы облыстық «Қостанай таңы» (ол кезде «Коммунизм таңы») газетінде мәдениет және тұрмыс, хат бөлімдерінің меңгерушісі, 1984 жылдан редактордың орынбасары және Бас редактор болды. 

1992 жылы облыс әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл қызметті 2000 жылдың наурыз айына дейін атқарды. Қазір облыс әкімі аппаратының бас маманы әрі 2002 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай облысы филиалының директоры қызметін қоса атқарып жүр. Республикалық «Ара» журналының Қостанай облысы бойынша штаттан тыс тілшісі. «Жалын» баспасынан «Қолды болған қораз», «Көзілдіріктің кесірі», «Көзі сынық тебен», «Елорда» баспасынан «Ұмытшақтық зобалаңы» сатиралық жинақтары жарық көрді. 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, бірнеше медальмен, оның ішінде «Астана» және «Тәуелсіздікке–10 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. Павлодардың 60 жылдығы құрметіне өткізілген жыр мүшәйрасының жүлдегері (ІІ орын), облыстық «Қазына» сыйлығының иегері.