Гүлжаз Қыдықбекова | өмірбаяны

0
39
Advertisement

Белгілі журналист Гүлжаз Қарыбекқызы Қыдықбекова – 1985 жылдың 9 қарашасында Қырғызстан Республикасы, Нарын облысында дүниеге келген. 2003-2007 жылдары – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмәмдаған.

2007-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ -түрік университетінде «Баспасөз хатшысы» қызметін атқарған. 2009-2013 жылдары «Евразия – Консалтинг» ЖШС-де журналист қызметін атқарған. 2014-2015 жылдары «Қазақстан әйелдері» республикалық журналында журналист қызмет атқарған. Қазіргі таңда «Журналистер әлемі» журналының шеф-редакторы қызметін атқаруда.

Мақалалары, сұхбаттары, әңгімелері республикалық «Алаш айнасы», «Егемен Қазақстан», «Астана ақшамы», «Тұмар», «Қазақ әдебиеті» «Ақ желкен», «Ақжүніс Астана», «Қазақстан әйелдері» сияқты қазақ басылымдарында жарық көрген. Еліміздің елордасы «Астананың 15 жылдығын ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың «Алғыс хатымен» марапатталған.

ҚР Президенті тағайындаған Президенттік стипендия иегері. 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз